Ғылыми-инновациялық бөлім мен
Жас ғалымдар кеңесі бірлесе ұйымдастырған
«Ғылыми инновациялар және жастар»
тақырыбындағы дөңгелек үстелі

- 1.ALESSYA JURT-Влияние предпринимательских компетенций на доход творческих людей
- 2.LEORA EISENBERG-Казахские национальные вокально-инструментальные ансамбли в контексте советской национальной политики и мировых музыкальных трендов
- 3.САДУАКАС ШАТТЫК-Қазақстандық әлеуметтік медиа кеңістігіндегі танымдық контенттің өндірісі мен таралуындағы ЖИ ықпалы
- 4.ШЫНАРБЕК НАЗЕРКЕ-Монғолия қазақтарының тұскиіздерінің өңірлік
- 5.ПШЕНАЕВА ЭЛЬМИРА-Влияние корейской поп-культуры (Халлю) на молодежную
- 6.КУКЕТОВ БЕРИК-Дәстүрлі биді зерттеудегі жаңа көзқарас қазақ биі мысылында
- 7.КОПБАЕВА ГҮЛІМ-ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАҢА КИНО ТІЛІ
7 сәуірде ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ – 2025 аясында Ғылыми-инновациялық бөлім Жас ғалымдар кеңесімен бірлесе ұйымдастырған «Ғылыми инновациялар және жастар» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті.
Шараның мақсаты – жоғары оқу орнынан кейінгі және бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды ғылыми жұмысқа тарту.
Офлайн және онлайн нысандарында өткен дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалар жасалады:
1. «Кәсіпкерлік құзыреттердің шығармашылық адамдардың табысына әсері» тақырыбына Alessya Jurt, «Aaartist» компаниясының атқарушы директоры, мәдени менеджмент және өнер магистрі (Liestal/Швейцария), Польша экономика және бизнес университетінің PhD докторанты (Варшава);
2. «Кеңестік ұлттық саясат және әлемдік музыкалық трендтер контекстіндегі қазақ ұлттық вокалдық-аспаптық ансамбльдері» тақырыбына Leora Eisenberg, Гарвард университетінің PhD докторанты (АҚШ);
3. «Қазақстандық әлеуметтік медиа кеңістігіндегі танымдық контенттің өндірісі мен таралуындағы жасанды интеллектің ықпалы: YouTube және TikTok платформаларындағы талдау» тақырыбына Шаттық Сәдуақас, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Баспасөз және баспа ісі» кафедрасының 1-курс магистранты;
4. «Монғолия қазақтарының тұскиіздерінің өңірлік ерекшеліктері» – Назерке Шынарбек, Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Театр және өнертану» факультеті, Өнертану кафедрасының магистранты;
5. «Корей поп-мәдениетінің (Халлю) Қазақстандағы жастар аудиториясына әсері: қалаулар, қабылдаулар және мәдени әсерлер» – Эльмира Болатхановна Пшенаева, бейнелеу өнері магистрі, «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасының докторанты, оқытушысы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
6. «Дәстүрлі биді зерттеудегі жаңа көзқарас: қазақ биі мысылында» Берік Алпысбайұлы Кукетов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 3-курс докторанты;
7. «Заманауи қазақ киносының цифрлық дәуірі: жастар және жаңа кино тілі» – Гүлім Көпбайқызы Көпбаева, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының докторанты, аға оқытушысы, өнертану магистрі.
Дөңгелек үстел жұмысына Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер қатысты.





